Úı ANONS Жаңа мектеп қаладағы үш оқу ордасындағы жүктемені азайтты

Жаңа мектеп қаладағы үш оқу ордасындағы жүктемені азайтты

фото ТОӘБҚ

Арыс қаласында заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын тапшылығы мен жүктемені азайтты. Жаңа нысан Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Келешек мектептері» бағдарламасы аясында бой көтеріп, биыл жаңа оқу жылының басында пайдалануға берілген болатын. Мектеп оқушы жан-жақты білім алуы үшін барлық қажеттіліктермен толық қамтылған.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған  “Келешек мектебінің” ашылуы Арыс қаласындағы үш білім ошағында қордаланған негізгі мәселені толық шешті. Бұған дейін Нұрсая мөлтек ауданындағы, Ақдала ауылындағы мектепте 1100-ден аса оқушының шоғырлануына байланысты айтарлықтай қиындықтар туындаған  болатын.

Сонымен қатар, Онтам мөлтек ауданындағы “Ынтымақ” шағын жинақты мектебінің жабылуы да қосымша жүктеме тудырған. Жаңа мектептің іске қосылуы осы үш нысандағы орын тапшылығын жойып, оқу процесін тұрақтандырды. Бүгінде жаңа оқу орны оқушылар мен ұстаздарға

Айгүл Қалдыбайқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: «Енді бұл мектепте жұмыс жасау барысында байқағаным мұғалімдерге де, оқушыларға да барлық мүмкіндіктер жасалған. Мұғалімдердің, ұстаздардың шығармашылықпен айналысуға өте зор жағдай жасалған екен. Оқушылардың жеке қабілеттерін ашуға, қосымша үйірмелерге қатысуға жағдай жасалған».

Қазірде 600 орындық мектепте 515 оқушы білім алып, 49 мұғалім еңбек етуде. Олардың 30-ы – ауысу тәртібімен келген педагогтар. Білім ордасы толық жабдықталған 56 оқу кабинетіне ие. Оның ішінде: 15 бастауыш сынып кабинеті, робототехника, STEM зертханасы, сенсорлы бөлме, хореография, логопед, психолог, әлеуметтік педагог кабинеттері мен 30 оқушыға шақталған кітапхана, қыздарға арналған аспаздық бөлме мен ұлдарға арналған шеберхана бар. Сондай-ақ, физика, химия, биология, тарих, география, тіл және информатика кабинеттері толықтай заманауи стандарттарға сай жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Талғат Ахметов, мектеп директоры: «Мынау қауіпсіздік мақсатында мектепте 121 бейнекамералар орнатылған. Және арнайы күзетпен қамтамасыз етілген. Жедел саты және де сос батырмаларымен қамтамасыз етілген».

Айта кетейік, Түркістан облысында мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 29 «Келешек мектебінің» құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде өткен жылы – 13, биыл 10-нан аса  мектеп ашылды. Жыл соңына дейін тағы 5 жаңа мектепті пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Ботакөз Әнуар