Биыл Шымкентте әлеуметтік сауда орталығы 300-ге жетеді

21

Биыл мегаполисте әлеуметтік сауда желілерінің саны 300-ге жетеді. Бұл іс-шара «Іскер-қала» жобасы аясында жүреге аспақ.

Жиын барысында қала басшысы ең алдымен сауда орындарындағы халық көп тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға тапсырма берді. Қала халқының өсуіне байланысты, сауда орталықтарына деген сұранысты ұлғайған.

Ал ірі дүкендер желісі көбейген сайын бәсекелестік арта түседі. Ол өз кезегінде тауар бағасының тұрақты әрі қолжетімді болуына өз септігін тигізеді.