Енді цифрландыру басқармасы ақпараттық қауіпсіздікке мониторинг жасайды.
Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының құзіретіне жаңа қызмет қосылды. Жаңа ереже 2022 жылдың қазан айында бекітілген еді.
Осыған орай жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда заңға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына толық мониторинг жүргізілді. Оның қатарында қала әкімдігі аппаратынан бастап, аудан әкімдіктері мен 22 басқарма бар.
Сондай-ақ, биыл әкімдікке қарасты мемлекеттік мекемелердің құрылымдық, желілік және техникалық сүйемелдеу қызметі орталықтандырылды. Нәтижесінде серверлер тұрақты жұмыс істеп, желілік жүйелер ретке келтірілді. Бұл бюджет қаржысын үнемдеп, артық шығынды азайтады.