2022 жылдың 12 айында ішкі істер органдары жалпы сомасы 80 млрд 309 млн теңгеге айыппұл салу туралы 6,8 млн қаулы шығарды.
Алкогольді ішімдіктерді ішкені үшін, сондай-ақ қоғамдық орындарды ластағаны үшін 4 млрд теңге, ал жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 68 жарым млрд теңгеге айыппұл салынды. Олардың ішінен жол белгілерінде немесе жолдың жүру бөлігін таңбалауда көзделген талаптарды сақтамағаны үшін 8 жарым млрд. теңге көлемінде әкімшілік жаза қолданылды.