Келестік шаруа ащы мен тәтті бұрышты будандастырып, жаңа өнім шығармақ

32

Түркістан облысы, Келес ауданының тұрғыны Нұржан Умаров алғаш рет жартылай ащы және тәтті бұрыштың будандасқан түрін көшет күйінде өндіріп, одан өнім алуды қолға алды. Ол бұл өнімнің атауын «Келес» деп атаған.

Жиырма жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында еңбектеніп жүрген кәсіпкердің айтуынша, жаңа көшеттің түрі өңіріміздің климатына бейімділігі тексеріліп, тәжірибеден өткізілген.

Айта кетейік, кәсіпкердің жалпы өнімі көршілес Сарыағаш және Мақтаарал, Қазығұрт, Шардара аудандарының шаруалары тарапынан сұранысқа ие.