Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кредит өтеусіз беріледі

91

Қазақстанда жастарға жеңілдікпен микрокредит беру ережесі бекітілді. Оған сәйкес, заң бойынша жастар санатына кіретін азаматтар өз кәсібін ашуға 2,5 проценттік кредит ала алады.

Микрокредит кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтарға конкурстық негізде беріледі. Жеңілдетілген кредиттің шарттары: номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%; қарыздың ең жоғары сомасы – 5 миллион теңге (ол үшін кепілдік қою керек); мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы саласы болса, 7 жыл.

Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі қарастырылған. Ол кредит берілген мерзімнің үштен бірінен аспауы шарт. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кредит өтеусіз беріледі.