Шымкентте 7 000 бос жұмыс орны бар

43

«Enbek.kz» порталында 2900 мамандық бойынша 7000-ға жуық бос жұмыс орны бар. Олардың басым бөлімі білім беру, медицина, қаржы және өндіріс саласына тиесілі.

Көбіне бастауыш сынып мұғалімі, психолог, тәрбиеші мен логопед мамандығына сұраныс жоғары. Ал техникалық салада инженер, электромонтер, механик пен автослесарь іздеушілер көп. Қазіргі таңда қосалқы жұмысшылар мен санитар мамандарын 1797 бос жұмыс орны жарияланған.

Оған қоса өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа кәсіп түрі үшін 28, қызмет көрсету мен сату саласында — 277, техник мамандар үшін – 221, ал жалпылама – 1500-ден аса уақытша және тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарда бар.

Әсел Мәлік