Úı ANONS Мүмкіндігі шектеулі азаматтар инватаксиге жарымай отыр

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар инватаксиге жарымай отыр

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруы мұңғы айналды. Себебі олар инватаксиге жарымай отыр. Мегаполистегі 42 мыңға жуық ерекше қажеттілігі бар азаматқа тек 38 көлік қызмет етеді екен. Мәселенің шешілмеуіне не себеп? Арна тілшісі айтып берсін. 

 

Ысқақ Айдарбековтың арбаға таңылғанына биыл 30 жыл. Омыртқа жарығына жасалған отадан кейін жүріп-тұра алмай қалған азаматтың басты көмекшісі – инватакси. Алайда қазір бұл көлік аз болғандықтан, оны шақыру мұңға айналыпты.

 

ЫСҚАҚ АЙДАРБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Әкімшілік жағынан, собез жағынан осы жәрдем беріп, инватакси қосса жақсы болады. Науқастар көп қазір. Жылдан жылға көбейіп жатыр. Соған қосса жақсы болар еді»

 

Бүгінде Шымкентте 42 мыңға жуық ерекше қажеттілігі бар азамат тұрады. Алайда оларға небәрі 38 көлік қызмет етеді. Ал күн сайын инватаксиге 400-дей өтініш келіп түссе де, оның біршамасы жауапсыз қалады екен.

 

ВАДИМ ТОРОПОВ, МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Көлік жетіспеуілігі қатты білінеді. Таңғы 7-ден 8-ге дейін адамдарды мектепке, жұмысқа жеткізу керек. Бірақ оны толық қамти алмай отырмыз. Бос уақыт пайда болса, өтінімдерді қабылдауға тырысамыз. Бірақ көп жағдайда бас тартуға тура келеді. Сол себепті шағымдар да жиілеп кетті»

 

Күн санап өсіп жатқан сұраныс көліктердің тозуын да үдетіп отыр. Ал жауаптылар болса, бұл түйткілдің түйіні қаржыландыруда жатқанын алға тартады.

Лаура Бабас