Студенттердің шәкіртақысы 2025 жылға дейін 2 есе көбейеді. Ғылым және жоғары білім министрінің айтуынша, шәкіртақы мен оқытушы-профессорлар жалақысын арттыру үшін гранттар да кезең-кезеңімен артады.
Мысалы, былтыр бакалавр дәрежесінде оқитын студенттер айына 36 мың теңге алды. 2 жылдан кейін шәкіртақы 52 мың теңгеге дейін өседі. Докторантурада білім алатындар қазір 195 мың теңге алса, 2025 жылға қарай оларға 262 мың теңге беріледі.Сонымен бірге, медицина саласында оқитын студенттердің шәкіртақысы жыл сайын 15-20 пайызға көбейеді. Мұны Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті хабарлады.