Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары басталды

94

Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталды. Биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын 860 мың гектарға орналастыру жоспарлануда.

Егістікті әртараптандыруға сәйкес, дәнді және бұршақтық дақылдардың егіс көлемі 3,2 мың гектарға артып, 317 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 5,6 мың гектарға артып, 225,5 мың гектарға, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 8 мың гектарға артып, 126,7 мың гектарға, майлы дақылдар 4,4 мың гектарға қысқартылып, 75,4 мың гектарға, мақта дақылы 13,8 мың гектарға қысқартылып, 112,5 мың гектарға орналастыру жоспарланды.
2023 жылдың өнімі үшін 187,7 мың гектарға күздік егісті егу жоспарланып, 178,1 мың гектар жерге күздік егіс себілді. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге облысқа 96 мың тонна жанармай қажеттілігіне ұсыныс жолданды. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 48 мың тонна жанармайдың 6 мың тоннасын ақпан, 12,7 мың тоннасын наурыз, 12,1 мың тоннасын сәуір, 12,2 мың тоннасын мамыр, 4,9 мың тоннасын маусым айларында босату қарастырылуда.
Ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы бойынша, қолда бар 10 мыңнан аса трактор, 1,3 мың дән сепкіштер, 508 бірлік соқа, 1,2 мың бірлік қопсытқыштар дайын. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тарапынан 7,8 млрд.теңге қаржы қаралған. Бөлінетін қаржының «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы бағытталып отыр. Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің тапшылығын тудырмау мақсатында картоп 16,1 мың гектарға, пияз 3,6 мың гектарға, сәбіз 2,2 мың гектарға, қырыққабат 9,8 мың гектарға егіледі. Жылдық тұтыну нормасына сәйкес облыс халқы картоп, сәбізбен 1,5 есе, пиязбен 4,4 есе, қырыққабатпен 6,6 есе қамтамасыз етіледі.
Ерте мезгілдік әлеуметтік дақылдар көлемін ұлғайтуға, облыстың климаттық ерекшелігін пайдалана отырып, 2023 жылы ерте пісетін картоп 9,02 мың гектарға, пияз 2 мың гектарға, сәбіз 1,2 мың гектарға және қырыққабат 7,5 мың гектарға орналастыру жоспарланды. Нәтижесінде 186,3 мың тн. картоп, 55,5 мың тн. пияз, 30,4 мың тн. сәбіз, 187,2 мың тн. қырыққабат өндірілетін болады.