2023 жылдың 11 қаңтар күні Түркістан қаласы «Бекзат» шағынауданындағы Сандыбай көшесінде орналасқан 1 қабатты тұғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт оқиғасы орнына №1 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде жанып жатқан тұғын үй ішінен 25 л пропан газ балонын алып шықты.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда.
Өрт сағат 15-12-де ауыздықталып, 15-45-те толықтай сөндірілді..
Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖ департаментінің 11 өрт сөндірушісі мен 2 бірлік техникасы шықты.
Түркістан облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді.