Түркістандық спортшылар Талдықорған қаласында волейболдан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңіске жетті.
Жарыс қаңтар айының 4-11 жұлдызында 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында өтті. Доп добасына еліміз бойынша 21 командадан 250-ге жуық спортшы қатысты. Сайыста Түркістан облыстық волейбол командасы алтыннан алқа тағынса, Астана қаласының мақтаныштары екінші орыннан көрінді. Ал жүлделі үшінді орынға Қызылорда командасы ие болды.
Жеңімпаздар ҚР волейбол федерациясының кубогы, медаль және алғыс хаттармен марапатталды.