Жаңа жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақылардың мөлшері артты

998

Жаңа жылдан бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері артты. 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің мөлшері ұлғаюына байланысты арттырылды.

Енді бірінші топ мүгедектері 77 мың 889 теңге, екінші топтағы ерекше жандар 62 068 теңге алса, 3-ші топтағы мүгедектердің жәрдемақылары 42 190 теңге болып өзгерді.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәліметі бойынша 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері біршама өзгерді.

Бақтияр Өнербаев, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы: «Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлемдердің мөлшері артты. ҚР 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК-3 450 теңге, ең төменгі зейнетақы -53 076 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі -40 567, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері -24 341 теңге болып белгіленді».

Жаңа жылдан бастап зейнетақы төлемдерінің негізгі мөлшері 10,5 пайызға артты. Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері әрбір азаматтың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысушы болған кезеңіне сәйкес 24 341 теңгеден 40 567 теңге дейінгі аралықта арттырылды. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің мөлшері ұлғаюына байланысты арттырылды.

Бақтияр Өнербаев, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы: «Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы 1 балаға 32 155 теңгеден -34 888 теңгеге, 2 балаға енді 60 445 теңге алады. 3 баласы бар отбасы 75 049 теңге, 4 баласы үшін-79 512, 5 балаға-82 352, 6 және одан да көп балаға 85 597 теңгеден төленуде. Бала туғанда төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы 1,2 және 3 бала туылғанға -131 100 теңге, төртінші және одан кейінгі бала туылғанда 217 350 теңге төленуде».

Бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақы
1 балаға – 19 872 теңгеге
2 балаға – 23 495 теңге
3 балаға – 27 083 теңге
4 және одан көп балаға – 30 705 теңге алады.

Сала мамандары ескертеді. Жұмыс істейтін аналардың, бала бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақының мөлшері табыстарының мөлшеріне қарай анықтаплып, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының ққаражатынан төленеді.

Тағы бір жағымды жаңалық «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» атағын алған, 1 және ІІ дәрежелі » Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналардың жәрдемақысы 20 352 теңгден 22 080 теңгеге көбейтілді.