Úı ANONS Әскери билет жасап берем деп, алдап кетті

Әскери билет жасап берем деп, алдап кетті

Сайрам аудандық сотында алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін сенімді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 190-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыппен сотқа берілген.

Сотталушы Г. 2022 жылғы 2 қазанда сағат 12:00 шамасында Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Рүстемов көшесі бойында жәбірленуші Н.-ға баласына әскери билет жасап бере алатынын алдап айтып, оның сенімін теріс пайдаланып, жәбірленушіден қолма-қол 140 000 теңге талап еткен.
Одан әрі жәбірленуші Н. сотталушы Г.-ның сөзіне сеніп, оған 140 000 теңге ақша берген. Жәбірленушіден ақша алған сотталушы Г., ақшаны өз меншігіне имденіп іс-түссіз кетті. Жәбірленушіге 140 000 мың теңге ақшасын алаяқтық жолымен жымқырып, оған материалдық залал келтірген.
Сот үкімімен сотталушы Г. кінәлі деп танылып, оған 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, үкім заңды күшіне енгеннен кейін 10 (он) тәулік ішінде пробация қызметіне есепке тұру міндеттелді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.