Әскери билет аламын деп алданып қалды

292
«Әскери билет алып беремін» деп заңсыз ақша алып, алдап кеткен. Кезекті жайт Шымкент қаласында орын алды. 2022 жылдың 9-қарашасында, сағат 09:55-те Әл-Фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, үш жылдан бергі танысы «әскери билет алып беремін» деп, 25 000 ( жиырма бес мың) теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.
Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматты тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 37 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.
Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.