«E-salyq-Azamat», «E-Salyq Business» мобильді қосымшаларын кез келген жерде қолдану

149

Қолданыстағы «E-salyq-Azamat» «E-Salyq Business» мобильді қосымшалары жеке және заңды тұлғалардың төлем, берешектерді өтеу, қызмет түрлерін алуын оңтайландырды. Тұрғындар үй, кеңсе, жалпы салыққа қатысты мәселелерді қашықтықтан шешуге мүмкіндік алды. Ең бастысы тиімділік, уақытты үнемдеу мүмкіндігі.

Әл Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жер, мүлік, көлік салықтары бойынша төлемдерді, бар берешектерді «Электрондық салық әмияны» «E-salyq-Azamat» мобильді қосымшасы арқылы өтеуге болатынын ескертеді.

«E-salyk Azamat» пайда болғанға дейін салық төлеуші берешекті өтеу үшін Банк бөлімшелеріне баруға, кезекте тұруға, жүргізілген төлем операциясы үшін банкке сыйақы төлеуге, деректемелер мен кодтарды іздеуге мәжбүр еді.

Салық әмияны салық салу субъектілерін осы қиындықтардан құтқарды. Өйткені енді мұның бәрі автоматты түрде жасалады дейді Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Айдын Кисметов.

«E-salyq Azamat» мобильді қосымшасын App Store және Google Play Қосымшалары арқылы тегін жүктеп алуға болады. Ал онда егер сіз мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз ЭЦҚ, sms-пароль, сондай-ақ ЖСН мен пароль арқылы авторлануға болады. Кәсіпкерлерге де арналған мобильді қосымша бар.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің меншігі болып табылатын e-Salyq Business мобильді қосымшасы жеке кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындауға арналған қызметтерді пайдалануға және қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекетттік кірістер басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың наурыз айында күшіне енетін «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңның негізгі ережелерін халыққа егжей-тегжей түсіндіру мақсатында семинар кеңестер ұйымдастырылды.

Сала мамандары тікелей проблемалық несиесі бар азаматтарға, әкімшілерге, аудиторлар палатасының өкілдері мен заң консультантарының сұрақтарына жауап берді.