Мүгедектігі бар балаларға арналған техникалық оңалту құралдары парктерін ашу жоспарда

156
Биыл 855 мүгедек қоғамдық ортаға бейімделді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мен «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы Болат Жәмішев өңірлерде мүгедектігі бар балаларға арналған техникалық оңалту құралдары парктерін ашу мәселелерін талқылады.

«Қазақстанда 104,3 мың мүгедектігі бар бала тұрады, оның ішінде 7 жасқа дейінгі 33,7 мың бала, бірінші топтағы мүгедектігі бар 11,1 мың бала және 7 жастан 18 жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедектігі бар 22,7 мың бала. Бұл балаларға жиырма жеті медициналық-әлеуметтік мекемеде оңалту қызметтері ұсынылады. Парктерді құру оңалту құралдарының заманауи, қымбат түрлеріне қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті министр.Өз кезегінде Болат Жәмішев «Қазақстан халқына» қоры техникалық оңалту құралдарының парктерін жарақтандыру үшін қаржылай қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.