Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды

60

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады.
Еске сала кетсек, Түркиядағы зілзаладан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат толықтырылып жатыр. Соңғы мәліметке сәйкес, қаза болғандар саны 284-ке жетті, 2883 адам жарақаттанды. Қираған ғимараттар саны – 140.