Қазақстанда мақта-мата өндірісі 43,6 пайызға төмендеді

44

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда тоқыма бұйымдарын өндіру бойынша мақта-мата сегментінде 43,6% төмендеу байқалды.

Осылайша заттай түрде қазақстандық мата өндірісінің көлемі 2022 жылы 11,5 млн шаршы метрді құрады, ал 2021 жылы ол 20,5 млн шаршы метр болған. Сонымен қатар, кардо және тарақталған мақта өндірісі 10,4%-ға, яғни 48,8 мың тоннаға дейін қысқарды. «Сондай-ақ, фетр және киіз шығару өндірісі 6,1%-ға төмендеді» деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.