Құрдастарын балтамен жарақаттаған оқушы екі айға қамауға алынды

87
түрме

Петропавлда құрдастарын балтамен жарақаттаған 9-сынып оқушысы екі айға қамауға алынды. Еске салсақ, 13 ақпан күні таңертең Петропавл қаласындағы 4-орта мектепте төтенше жағдай болды. 9-сынып оқушысы мектепке балта алып келіп, құрдастарын жарақаттаған.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың заңды өкілі анасы болып анықталды. Құрдастарын балтамен жарақаттаған 9-сынып оқушысының психикалық ауытқуы болған.
Оған мектепте білім алуға Алматы қаласы Республиалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы рұқсат берген.