Алдағы 19 наурыздағы сайлау қызу өтетін сияқты. Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Қайырбек Құнанбаевтың мәліметінше, қалалық мәслихаттаы бір орынға 3 адам күресуде. Естеріңізге сала кетейік, қалалық мәслихат 32 депутаттан құралады.
Сайлау комиссиясы төрағасының мәліметі бойынша 6 ақпанда Шымкент қаласы бойынша 14 адам ұсынылды, оның ішінде 2 адам Парламент Мәжілісіне , Шымкент қаласының мәслихатына 12 адам. Бұл әзірге хаттамаға енгізілгендер.
Сайлауға қатысуға 127 адам ниет білдірген, олардың 108 мәслихатқа, 19- Мәжіліске 102 бір мандатты округ бойынша, 6-ы партиялық тізім бойынша.