Сарыағаш ауданында «Табысты отбасы» әлеуметтік пилоттық жобасы аясында оқуды аяқтаған 43 азаматқа өз ісін бастауға қажетті құрал-жабдықтардың сертификаты берілді. Жалпы жобаның мақсаты – тұрғындарға өз ісін ашуға қолдау көрсетіп, табысын ұлғайтуға көмектесу.
Айта кетейік, азаматтарға өз кәсібін дөңгелету үшін 150 АЕК көлемінде грант беру жобасы биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Пилоттық жоба аясында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, нысаналы топқа жататын аз қамтылған отбасылар, 29 жасқа дейінгі көпбалалы ата-аналар, жалғыз басты аналар мен әкелер, ерекше күтімді қажет ететін баланы тәрбиелеушілер және мүгедектігі бар аудан тұрғындары қатысқан еді.