Темекі сатқаны үшін айыппұл салынды

27

Сотта А.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-тің 133-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды. Сотта анықталғандай, Сайрам ауданы, Қарасу ауылында орналасқан «Д» дүкенінде сатушы болып жұмыс жасаған Қ. кәмелетке жасқа толмаған С-ға темекі бұйымын сатқан.

Сот қаулысымен Қ. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-тің 133- бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жеті айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.