Түркістан қаласы маңында су жайылу қаупінің беті қайтарылды

53

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірдегі арналар мен каналдар тазартылып, тиісті жұмыстар жүрген болатын. Дайындық күшейтілді. Түркістан қаласы аумағында «Арыс-Түркістан» су арнасының қала аумағында 2-ақпан сағ 18:20-дан бастап сел жүре бастады.

Арна бойында орналасқан 6 көпірде жалпы 22 арнайы техника ұйымдастырылып, мұзды бұзу және арту жұмыстары жүргізілді. Облыс, қала әкімдігі, төтенше жағдай қызметі өкілдері мен еріктілерден 150-ден астам азамат су қаупінің бетін қайтаруға күш салды. Нәтижесінде сел қала аумағына зарарсыз өтті. Түнгі 02:30-дан асқан уақытта мұз ағыны тыйылып, су деңгейі қалыпты жағдайға түсті.