Шымкент қаласы, Асар шағынауданындағы ауруханасынан Балалар травмотологиясына келген жасөспірімге көмек қажет екендігі туралы хабарлама «112» құтқару қызметіне келіп түсті.
Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары барып, жас баланың мұрнына домалақ темір сақина секілді бөгде зат кигізіп, шеше алмай отырғандығын анықтады.
Құтқарушылар арнайы слесарлы құралдарды пайдаланып, сақинаны мұрнынан шешіп берді.