Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттығына үміткерлер халық арасында үгіт -насихат жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Естеріңізге сала кетейік, бұл жолы өкілетті органдарға сайлау жаңа жүйе: партиялық тізім және бірмандатты округтер бойынша өтеді.
Түркістан облыстық мәслихатында 46 орын бар. Партиялық тізім бойынша депутаттық мандат үшін 6 партиядан 88 кандидат күрессе, мәжілістегі үш орынға өңірдегі үш округ бойынша 21 үміткер додаға түседі.
Сайлауға санаулы күндер қалды. Түркістан облысында 941 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 26 — сы жабық. Мәжіліске 3- сайлау округі, облыс мәслихатына 23 округі міндеттерін атқаруда. 1274 сайлау комиссиясына 8 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Облыстық мәслихаттың депутаттық мандаты үшін 6 партиядан 88 кандидат күресуде.
Әуелхан Тұрғымбеков, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы: «Түркістан облыстық мәслихаты 46 депутаттан құралады. Оның 23-і бір мандатты округ бойынша, қалған 23-і партиялық тізім бойынша сайланады. Егерде 18 ақпанда 103 кандидат тіркелген болса, қазір 88 кандидат күрес жүргізуде».
Түркістан облысы бойынша сайлауға 6 партиядан 88үміткер қатысады. «Аманаттан» партиялық тізім бойынша — 41 кандидат, Ақ жол партиясынан-15, Қазақстан Халық партиясынан-6 кандидат, «Ауыл» партиясынан-10, «Байтақ» жасылдар партиясынан-5 үміткер және «Республика» партиясынан-3 кандидат.
Әуелхан Тқрғымбеков, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы: «Түркістан облысы бойынша қалалық мәслихаттарға 165 үміткер, бастапқыда 182 тіркелген. Аудандық мәслихаттарға депутат орны үшін қызу күрес күтілуде. 248 орынға 912 үміткер таласады. 18 ақпанда 978 тіркелген еді . Үгіт-насихат жұмыстары барысында кейбір кандидаттар өз кандидатураларын арыз беріп алып тастады, «Сайлау туралы» заңның 89-бабына сәйкес декларациядағы сәйкессіздіктер үшін тіркеуден алынғандар бар»
Байқасаңыздар, депутаттық мандат үшін күрес қыза түспек. 19 наурызда кезектен тыс өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі және түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына сайлауда Түркістан облысынан 1 млн. 168 658 адам дауыс беруге құқылы.