Мақсаты айқын Д. Исабеков Абай ауданы тұрғындарымен кездесті

52

«Дұрыс таңдау – сенімді болашақ» ұранын ұстанған Данабек Исабеков халықтың мұң-мұқтажына құлақ түрді. №6 сайлау округі бойынша Мәжіліс депутаттығына үміткер өзі ұсынған 10 бағытты алдағы 5 жылда жүзеге асыруды көздейді. Нық мақсатпен алға қадам басқан кандидат Абай ауданы халқымен кездесіп, өз бағдарламасын таныстырды.

Жарқын болашақтың негізін бірге қалауға шақырған №6 сайлау округі бойынша Мәжіліс депутаттығына үміткер Данабек Исабеков Қызылжар ауылының тұрғындармен кездесті. Жиналғандарға сайлауалды бағдарламасын таныстырып, халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жергілікті азаматтар көптен бері шешімін таппай келе жатқан инфрақұрылым саласына қатысты мәселерін ортаға салды.

Раушанбек Анарметов, Шымкент қаласының тұрғыны: «Міне, бүгін Данабек Исабековпен халық кездесіп, өз проблемасын айтты. Халық біртіндеп түсініп жатыр, депутаттармен жұмыс істеп, халықпен кездестіріп жатырмыз. Бізге халық сайлауға қаншалықты көп келсе, соншалықты жақсы. Ал енді жақсылық болады деп ойлаймыз»

Данабек Исабековтің сайлауалды бағдарламасы 10 бағыттан тұрады. Қамтыған салалары халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға негізделген. Нар тәуекелге бел буған кандидат халық қолдауына ие болсам, құрған жоспарымды алдағы 5 жылда орындаймын деп бекініп отыр.

Данабек Исабеков, ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттығына үміткер: «Тұрғындардың көтеретін мәселесі инфрақұрылым ғой. Көбіне жол, жарық, газ мәселесін көтереді. Ұсыныс пікірлерін жазып алып жатырмыз. Алдағы уақытта Мәжіліс депутаты болсам, ұсыныс жолдайтын боламын. Бұл мәселелер 5 жылдың ішінде шешіледі»

«Дұрыс таңдау – сенімді болашақ» ұранын берік ұстанған үміткер 15 жылдан астам уақыт бойы халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істеген. Осы аралықта азаматтардың қолайлы өмір сүруіне өз септігін тигізді. Ол ендігі кезекте халық пен үкіметтің арасын жалғар алтын көпірге айналуды көздейді.

ҚР Парламенті депутаттығына үміткер Д.Исабековтың жеке сайлау қорынан төленді