Салық есептілік нысандарын мерзімінде тапсырмағандар айыппұл төлейді

49

Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы дара кәсіпкерлер мен заңды тұлаларды салық есебін тапсыруға шақырады. Ескертуден кейін салық есептілік нысандарын кешіктірген және бір жылдың ішінде қайталанған жағдайда, әкімшілік жауапкершілік, әр салық есептілігіне айыппұл төлеу қарастырылған.

Сондықтан ыңғайсыз жағдайға тап болмас үшін міндетті есепті белгіленген мерзімде тапсырған абзал, деп ескертеді сала мамандары

Шағын бизнес субъектілері үшін Арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлеріне тоқталып өтсек. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Салық Кодексінің 683 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына өзгерістер енгізілді.

Бақытбек Болатбеков, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы: «Ол жерде сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сауда базарларын жалға беру және 1,2,3 санаттағы стационарлық нысандарды жалға беру, сондай-ақ қонақ үйлерін екі және одан көп салық төлеушілерге қосалқы жалға беру қызметімен айналысатын кәсіпкерлерге арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған. Ондай қызмет көрсететін кәсіпкерлер жалпыға бірдей белгіленген тәріппен жұмыс жүргізуі қажет».

Тағы бір ескеретін жәйт. Ағымдағы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап арнаулы салық режимінің оңайлатылған декларация негізінде жұмыс жасайтын дара кәсіпкерлер 3 жылға салық төлеуден босатылған болса, биылдан бастап мәлімдеген табыстарынан 3 пайыз салықтарын төлеуі қажет-дейді сала мамандары.

Бақытбек Болатбеков, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы: «Айта кететін мәселе барлық дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға салық есептілік нысандарын Салық кодексінде белгіленген мерзімінде тапсыруы қажет екендігін ескертеміз. Егерде мерзімінен кешіктіріп тапсырған жағдайда бірінші рет ескерту, екінші рет бір жылдың ішінде қайталанып кешіктірілген жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әр салық есептілігіне айыппұл төлеу қарастырылған. Сондықтан салық есептілік нысандарыңызды уақытылы тапсыруға шақырамыз».

Сала мамандары дара және заңды тұлғаларға салық есептілік нысандарын қағаз және электронды түрде тапсыруға болатынын еске салады.