Шетелдіктерден алынатын туристік жарнаны есептеу жүйесіне өзгеріс енгізілді

63

Қазақстанда шетелдіктерден алынатын туристік жарнаны есептеу жүйесіне өзгеріс енгізіледі. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда шетелдік туристерден алынатын міндетті жарна — bed tax енгізілген болатын.

Былтыр жарна жиналмады. Ал 2023 жылдың басында 30-дан астам қалалар мен аудандарда 1-5% процент көлеміндегі мөлшерлемелер бекітілді. Алайда кәсіпкерлер мен қонақ үй иелері туристік жарнаның көлемі мөлшері қайта қарауды сұрады. Енді, пайызбен емес, айлық есептік көрсеткішпен есептеледі.

Осылайша, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында bed tax 0,5 АЕК (1 725 теңге), ал қалған өңірлерде 0,2 АЕК (690 теңге) болады.