7 наурыз күні кешке Әбдіров көшесіндегі жеке үйлердің бірінен 59 жастағы ер адам мен әйелдің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болған, — деп хабарлайды ОТЫРАР.
Бұл туралы «ҚазТрансГазАймақ» компаниясының Шымкент өндірістік филиалынан хабарлады. Оқиға орнында жедел топ газ құрылғыларын орнатудың бұзылуын анықтады.
«Өлшемі 2,20х3,20 болатын киіну бөлмесінде ағынды «TERLOFIT» маркалы су жылытқышы орнатылған. Су жылытқышы лездік су жылытқыштың қосылымдарына тығыз қосылмаған. Лездік су жылытқышының үстіндегі түтін құбыры (гофр) қабырға арқылы шығарылған. Желдету құбыры жоқ, терезе бар, бірақ жабық күйде. Лездік су жылытқышының мұржасында ағын жоқ. Ол өздігінен жасалған жылыту қазандығымен жылытылады», — делінген газбен жабдықтаушы компанияның хабарламасында.
Ішкі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге келісімшарт жасалмаған.
Газбен қамтамасыз ету мекемесінің мәліметінше, бұл Шымкентте наурыз айының басынан бергі үшінші қайғылы оқиға, барлығы төрт адам қайтыс болды.