Келес ауданының полиция қызметкерлері 2022 жылдың тамыз айында жергілікті тұрғынның ойынханасына ұрлыққа түсіп, құны 280 000 теңге тұратын ойын аппараты мен 70 000 теңге болатын бөлшектерін, сондай-ақ түрлі газды сусындарын жымқырған күдіктіні анықтаған болатын.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталған. Осы аралықта сезікті тұрғын оған қатысты іс аяқталмай тұрып, ізін суытпақ ниетпен жасырынған. Яғни 6 айдан бері хабар-ошарсыз, қашып жүрген.
Ал полицейлер бұл тұрғынның жауапкершілігін қарап, жүрген жерін анықтау мақсатында жан-жақты жұмыстар жүргізді. Тіпті іздеу жариялап, басқа да полиция бөлімдеріне хабарлады. Осылайша үздіксіз жүргізілген іздеу шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары, сезіктінің ізіне түсіп, оны Сарыағаш ауданынан ұстады.
Жауапкершіліктен жалтарып жүрген ер адам полицияға жеткізілді. Қазіргі таңда ұсталған тұрғын қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.