Үкіметте Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы талқыланды

44

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайлов Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар министрлердің қатысуымен арнайы мәжіліс өткізді. Үкімет басшысы республикалық маңызы бар қаланы дамытуға ықпал ететін 19 тапсырманың орындалуы бойынша ведомство басшылары мен қала әкімінің есебін тыңдады.

Сонымен қатар мегаполистің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін белгіленген жоспарларды сапалы және уақытылы іске асыру қажет екенін атап өтті.

Үкіметте өткен кеңесте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың 27 қаңтарда Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды. Жүктелген тапсырмалардың орындалуы мен өзге де өзекті мәселелердің барысын баяндаған Мұрат Дүйсенбекұлы мегаполис үшін маңызды Оқушылар сарайы құрылысы мен «Қайнарбұлақ» шағын ауданын табиғи газбен қамтуға қаралған қаражат бойынша сұранысын жеткізді.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Тұран» шағын ауданындағы Оқушылар сарайы құрылысына қалаға қаралған лимит шегінде қаржы қарастыруды және «Қайнарбұлақ» шағын ауданын табиғи газбен қамтуға қаралған 1,8 млрд теңгені қысқартпауды сұранамыз».

Сонымен қатар, «Жұлдыз», «Бозарық» және «Тассай» индустриялық аймақтарына инфрақұрылым жүргізу, мұнай шикізатын терең өңдеу бойынша өндірістер құру, оңтүстік өңірлік хаб құру аясында сауда-логистикалық орталықты кеңейту, инвестициялық және т.б. жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін беру тетігін жетілдіру мәселелері қаралды.

«Бұл екі мәселе бойынша бүгінгі хаттамаға тиісті тапсырмаларды енгізуде сұраймын»,деді үкімет басшысы.

Бұдан бөлек мегаполисте алдағы екі жылда көп қабатты тұрғын үйлер салу  бойынша да қажетті шаралар қабылданады. Олардың қатарында Бозарық және Ақжайық шағын аудандары бар. Сонымен қатар осы жылдың соңына дейін «Отбасы банкі» желісі бойынша тиімді мөлшерлемемен кредиттік тұрғын үй беру жалғасады, атап айтқанда, жыл соңына дейін 1 мыңнан астам пәтер тапсырылмақ. Айта кетейік, қазіргі таңда Премьер-министр нақтылаған 5 тапсырма орындалып, қалған міндеттемелерді жүзеге асыру бойынша кешенді шаралар жүргізіліп жатыр.