21 жасқа толмаған жастарға микронесие беруге тыйым салынбақ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осы арқылы оң-солын енді таныған қыз-жігіттерді пайызы көп несиеден қорғауды көздеп отыр. Десе де, қаулы күшіне енген жоқ.
Әзірге ашық талқылауға шығарылған. Шағын несие беру жасын 18-ден 21-ге көтеруді бұған дейін жастар ұйымдары да ұсынған болатын . Өйткені, қарыз алып, оны құмар ойынға немесе қаржы пирамидаларына жұмсайтындар көбейгені айтылған. Оның үстіне несие көлемі шамадан тыс артып барады. Десе де, микроқаржы ұйымдары бұдан пайда жоқ деп отыр.