«Арақ-шарапсыз Түркістан»: Ақсақалдар үндеу жасады

50

Оңтүстік өңірінің ақсақалдары Түркістанды арақ-шарапсыз қала етуге үндеу жасады. Үндеу «Қариялар – дәстүрімнің қазығы» тақырыбында өткен форумда қабылданды.

Жалпы бұл арқылы ақсақалдар қазақстандықтарға Түркістанның қасиетті мәртебесі мен беделін сақтап, жамандық атаулыдан, қылмыстық істерден аулақ болу қажет екенін түсіндіруді көздейді.

Яғни, жастарды ұлттық салт-дәстүр, тәлім-тәрбие негізінде баулуға, ел ішінде мәдениет пен парасатты, тазалық пен адалдықты насихаттап, ізгі қоғам құруға шынайы, дәйекті атсалысуға шақырады.