Атаулы әлеуметтік көмек алғандар кедейлік деңгейінен шықты

63

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі былтыр  Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алған 141,5 мың отбасының 94,1 мыңы кедейлік жағдайынан шыққанын хабарлады.

2022 жылы АӘК алушылар саны 141,5 мың отбасын (728,7 мың адам) құрады, наурыздағы жағдай бойынша 84,7 мың отбасы АӘК (444,9 мың адам) алды.
Өңірлік бөліністе өткен жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылардың ең көп саны Түркістан облысында – 34,9 мың отбасы немесе 24,7%, Шымкент қаласында – 16,5 мың отбасы немесе 11,7%, Қызылорда облысында – 12,1 мың отбасы немесе 8,6%, Алматы облысында – 10,7 мың отбасы немесе 7,5%, Жамбыл облысында – 9,2 мың отбасы немесе 6,5%, Жетісу облысында – 8 мың отбасы немесе 5,6% тіркелген.
АӘК алушылардың ең аз саны Ұлытау облысында – 654 отбасы немесе 0,5%, Атырау облысында – 1,2 мың отбасы немесе 0,8%, Солтүстік Қазақстан облысында – 2 мың отбасы немесе 1,4%, Ақмола облысында – 2,6 мың отбасы немесе 1,8% тіркелген.
АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
Жәрдемақыларды есептеуден бөлек АӘК жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді де (жұмыспен қамту, өз ісін ашуға ынталандырылған отбасыларға гранттар ұсыну, біліктілікті арттыру курстары және тағы басқа) қамтиды.