Халықтың жанайқайы қоғамдық кеңес отырысында талқыланды

60

Шымкентте білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиында, биылға қойылған жоспар пысықталып, қала тұрғындары тарапынан көтерілген түйткілді мәселелер қаралды. Сондай-ақ спорт, білім және денсаулық сақтау саласының мамандары алда атқарылатын жұмыстар туралы баяндады.

Білім және денсаулық сақтау саласына қатысты проблема болса, «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы қоғамдық кеңеске жүгініңіз. Кеңес мүшелері мәселенің өзектілігін талқылап, шешілуіне ат салысады. Осылай деген кеңес төрағасы Есенбек Серкебаев бүгінде 60 мың халқы бар Қайнарбұлақ саяжайында емхана салу мәселесі қаралып жатыр дейді. Айтуынша, қазір жұмыс істеп тұрған медициналық мекеме 3 мың ғана адамды қабылдауға қауқарлы екен. Ауырып ем іздеген жергілікті тұрғындар қоғамдық кеңестен көмек сұрапты.

Есенбек Серкебаев, «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы:
«Ол жерде шағын ғана мекемеде жалға алып жұмыс жасап жатыр екен кәсіпкерлер. Өкінішке орай, онда толық мамандар жетіспейді екен. Себебі оларды отырғызатын кабинет жоқ. Жағдай жасалмаған. Қазір кәсіпкер дайынбыз дейді, инвестор дайын. Міне, осындай мәселелерде қоғамдық кеңестен көмек сұрайды».

Ендігі кезекте қоғамдық кеңес өзара ақылдасып, халыққа заманауи емхана салу ісін қолға алмақ. Тек кәсіпкерге ғимарат үшін жер телімі қажет. Мұны қала әкімдігімен бірлесіп, шешуге тырысамыз дейді кеңес мүшелері. Жалпы халықтың проблемасын көтеріп, оларға жағдай жасауды көздейтін қоғамдық кеңесте нағыз білім және денсаулық сақтау салаларының мамандары, халық қалаулылары пен партия мүшелері бар.

«Кеңес мүшелерімен ақылдасып, мәселені ортаға саламыз. Дереу біз көшпелі отырысқа шығамыз. Ондай жағдайда барып, көріп, зерделеп қайтамыз. Қоғамдық кеңесте 24 мүше бар. Онда медицина саласының мамандарының басшылары бар, сэстің бастығы, білім саласының бастығы бар. Одан кейін партияның белсенді азаматтары бар»,-дейді төраға.

Бүгінде Шымкенттегі партия филиалы жанында осындай 8 қоғамдық кеңес бар. Олар әр түрлі мәселердің шешілуіне ат салысады. Егер сіздің де көкейіңізде сауал болса, Аманат париятсының ғимаратына келіп немесе әлеуметтік желі арқылы жауаптыларға жүгінуіңізге болады.