«Кітап өмірлік ұстаз» атты мерекелік кеш өтті

122

Шымкент қалалық Мәдениет басқармасы бүгінде ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқаруда. Әсіресе басқармаға қарасты кітапханаларда түрлі іс-шаралар, семинарлар ұйымдастырылуда. Атаулы күндерге байланысты шаралар ұмыт қалған емес.

Жуырда Халықаралық балалар кітабы күніне арналған мерекелік кеш өтті. Әл -Фараби атындағы қалалық ғылыми – әмбебап кітапханасында  Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап өмірлік ұстаз» атты мерекелік кеш өтті.
Кешке «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, демеуші Калыйма Жантөреева қатысты.
Шара барысында «Ақылдым» балаларға арналған республикалық журналының бас редакторы Ардақ Жақсылықова балаларға журнал жайлы көптеген ақпараттар берді.
Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған “Шәкәрім оқулары” республикалық байқауының жеңімпазы, кітапхананың тұрақты оқырманы Дінмұхамед Кәдірхан байқаудан алған әсері жайлы ой – бөлісті. Сондай-ақ, Дінмұхамед Кәдірхан балаларға кітап оқуға құштар болудың қаншалықты пайдалы екендігін, ұялы телефон ұстағанша, рухани байлықпен сусындаудың пайдасы көптеген ақыл-кеңестерін ортаға салды.
Өз кезегінде кішкентай оқырмандар өздері оқыған кітаптары туралы қызықты етіп баяндап берді. Балалардың ой -өрісін өсіретін, пайдалы кітаптарға шолу жасалды.
Жергілікті драматург Сая Қасымбектің «Шөжек пен көжек» ертегісінен үзінді қойылып, балалар әдебиетінің бәйтерегі Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы негізінде пікірталас өтті.
Сонымен қатар «Кітап менің өмірімде», «Мен оқыған кітап» тақырыбында пікір алысу өткізіліп, оқырмандар арнайы жасақталған кітап көрмесімен танысты. Мерекелік кеште белсенді болған оқырмандарға арнайы сыйлықтар тарту етілді.