Еңбеккерлер еленген күн

447
Еңбеккерлер еленген күн

Қыркүйек айының үшінші жексенбісі – еңбек күні. Атаулы датаға орай облыстағы әр түрлі саланың үздік мамандары марапатқа ие болды. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі жиында бірақатар азаматтарға «Облысқа сіңген еңбегі үшін» наградасы мен алғыс хат табыстап, конкурста жеңімпаз деп танылғандарды марапаттады.

Еңбеккерлер еленген күн

Жаңабаевтар отбасы облыстық конкурста «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Бұл жанұяның адамдары 400 жылдан бері теміржол саласында қызмет етіп келеді. Қазірдің өзінде бір шаңырақтан тараған 17 жан тоғыз жолдың торабында еңбек етеді. Алды құрметті зейнеткер де атанған. Бүгінде Жаңабай атаның кәсібін үшінші ұрпағы жалғастырып келеді.

Еңбеккерлер еленген күн

Айта кетейік, биыл еңбек күні Қазақстанда үшінші жыл қатарынан аталып өтуде. Бұл мерекенің мақсаты – еңбектің қоғамдағы мәртөбесін арттыру әрі өндірістік және жұмысшы мамандықтарды кеңінен насихаттау.

Еңбеккерлер еленген күн

Мереке аясында биыл әр түрлі саланың жетік мамандары марапаттарға ие болды. Сондай-ақ, облыс әкімі қарапайым жұмысшылардың да еңбегін елеп, арнайы алғыс хат табыс етті.

Еңбеккерлер еленген күн