Күй-қоңырау, ұлттық киім: Білім ордасы қазақы киімді мектеп формасына айналдырған

306

Шымкенттік білім ұясы қазақи ұлттық өнерді дәріптеуді қолға алған. Онда мектеп оқушылары мен қызметкерлер күнделікті оюлы кәжекей киіп жүруді дәстүрге айналдырған. Ал әр сабақ арасындағы үзіліске шәкірттер күй үнімен шығады. 

Шымкенттік №135 мектеп оқушылары үзіліске күй үнімен шығады. Ұлттық құндылықты дәріптеуді қолға алған білім ұясының шәкіртері мен ұстаздары қазақи кәжекей киюді дәстүрге айналдырған. Бүлдіршіндердің айтуынша бірдей киінген оқушыларды көргендер сырттан тамсанып қарайды екен.

Шұғыла Жұмабай, 3 сынып оқушысы: «Маған осындай көк жекет пен көк бантик таққан ұнайды. Біз сыртқа шыққанда бірдей болып жүруіміз керек. Егер біреуімізде жекет бар екіншімізде жекет болмаса, әдемі болмай қалады»

Інжу Саденбай, 3 сынып оқушысы:«Бізге осылай киінген ұнайды. Біздің киіміміз көк түстен. Біздің еліміздің туы да көк болғандықтан осы түсті таңдап алғанбыз. Бізге осы киім қатты ұнайды. Себебі сыртта жүргенге бізге бәрі тамсанып қарайды»

3 Г сыныбы қою көк түсті таңдап алған. Сол арқылы басқа сыныптардан ерекшеленіп тұруды қалайды. Тіпті оюлардың өзі қыздар мен ұлдарға жеке-жеке таңдалған. Бастауыш мұғалімі Ақмарал Сариева бұл қазақылықты бала санасына ерте жастан құяға қосқан үлестері екенін айтады.

Ақмарал Сариева, бастауыш сынып мұғалімі: «Менің сыныбым көк түсті таңдағандықтан осы сыныптың безендіруіне қарай үйлесімді болсын деп. Және де көк түстің үстінен сары түспен әшекейледік. Сары мен көк бір-бірімен үйлесімді. Бұл жекетті күнде киіп жүреді. Біздің осылай ұттық киімлді киіп жүру себебіміз жас ұрпақтың бойында ұлттық тәрбиені қалыптастыру ретінде осы ұллық құндылықты сіңірсек деп ойладық»

Білім ошағында үштік одақ жұмысы жолға қойылған. Онда мектеп қызметкерлері, ата-ана, оқушылар бірігіп түрлі іс-шаралар өткізіп тұрады. Соның бірі әжемнің ертегісі жобасы. Әр апта сайын 1 ата-ана келіп балаларға ертегі оқып отырады.

Ұлттық дәстүрді ұстанымы етіп алған білім ошағының ашылғанына 2 жыл болды. Осы аралықта тоғыз құмалақ, асық ату, домбыра, тоқыма өнері, қыш құмыра құю сынды үйірмелер ашқан. Әр қосымша сабақта кемінде 100- оқушы тәрбиеленіп жатыр.

Берікбай Елтайұлы, №135 жалпы орта білім беретін мектептің директоры: «Біз қазір баланың бойына бірінші өзіміздің қазақтың рухын сіңіруіміз керек. Біздің қазақтың салт-дәстүрін. Қазақтың киімінің өзі үлкен тәрбие. Өздеріңіз де қарап тұрсаңыздар балалардың өздері қазір қызығушылық танытып жатыр. Басында ана-аналарға ұсыныс тастадық. Бізді қолдады. Алғашқыда тек жекет киіп жүрді. Кейін бізді ортаңғы сынып оқушылар ұлттық нақышта галстуктар тағады»

Биыл мектеп басшалығы 9Т бағдарламасын қолға алды. Мұның ерекшелігі оқу жылының әр айын тарих, тағылым, театр айы деп бөліп қойған. Сол арқылы өткізілетін іс-шараның бағытын айқындайды.