Оңтүстікте жанармайдың қымбаттауына қатысты митинг жалған болып шықты

69

Әлеуметтік желіде 12-сінен 13-сәуірге қараған түні «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының бойында орналасқан «ҚазМұнайГаз» жанармай құю станциясының жанында азаматтар жанармай бағасының өсуіне байланысты митингке жиналды деген бейнежазба пайда болды.

13.04.2023 жылы 04:30 шамасында ақпарат бойынша оқиға орнына шыққан Сайрам ауданының полицейлері мәліметтердің жалған екенін анықтады.
Яғни 12.04.2023 ж. аталған автожолда көліктер жарысы ұйымдастырылмақшы болғаны, алайда тәртіп сақшылары дер кезінде келіп, оларды таратып жібергені анықталды.
Қазіргі уақытта аудандық ПБ қызметкерлері жалған мәліметтерді таратқан тұрғынды анықтау мақсатында тиісті жұмыстарды жүргізуде.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқаны үшін қатаң жауапкершілікке тарту көзделгенін еске салады. Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды!