Шымкентте 9315 шетелдік автокөлік заңдастырылды. Көлік иелеріне қазақстандық техпаспорттар мен мемлекеттік нөмірлер берілді. Оның 5397-і Ресей Федерациясының көлігі болса, 2109-ы Армения, 208-і Грузия, 5-і Белорусия, 15-і Біріккен Араб әмірлігі, 343-і Қырғызстан, 9-ы Литва, 48-і Корея, 3-і АҚШ, 2-і Германия және 1-і Польша елдеріне тиесілі.
Жалпы бүгінге дейін халыққа қызмет көрсету орталығына мұндай өтінішпен 14 004 азамат жүгінген. Айта кетейік, Қазақстан азаматтары 2022 жылдың 1-қыркүйегіне дейін шетелден әкелген жеңіл автомобильдер, шағын және орта автобустар, шағын жүк көліктері, басқару рөлі оң жақта орналасқан көлік құралдарын заңдастыруына болады.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыру алғашқы тіркеу үшін алым 200 мың теңге, техпаспорт үшін мемлекеттік баж 4 313 теңге және мемлекеттік нөмір үшін 9 660 теңге төлеу арқылы іске асады.