Шымкентте алдағы уақытта қағаз өнімдерін шығаратын зауыт салынатын болады. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Түркия инвесторларымен кездесті. «Işıklar Paper Sack Co. Ltd.» компаниясының өкілдері қалада қағаз шығаратын зауыт ашуды жоспарлауда.
Кездесу барысында тараптар жобаны жан-жақты талқылап, ұсыныстарын жеткізді.
Шетелдік холдинг бағыты қағаз ыдыстарын өндірумен қатар бірнеше желіні қамтиды. Машина паркінің жалпы қуаты жылына 380 миллионнан астам қағаз қаптар шығаруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда холдинг өнімдерінің 42%-ы 50-ден астам елге экспортталады.
Мұрат Дүйсенбекұлы инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді. Жобаны іске асыруға «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағынан жер бөлу жоспарлануда.