Тойда жұртшылық алдында келініне құрмет көрсетіп, тосын сый жасаған енеге көпшілік тәнті болды. Төрге шыққан ене келініне алғыс айтып, 5 немере сыйлағаны үшін бриллиант комплект тарту етті.
Бұл сәттің видеосын келіннің өзі ТікТок парақшасында жариялады.
«5 немере туып бердің деп бриллиант комплект сыйлады. Ене болса, менікіндей болсын» деп жазды автор.
Бейнежазбадан келіннің рахатын көріп отырған бақытты ене ақ жарма алғысын білдіреді.
«Менің ұлымды қалап, ұлым бұл кісіні қалап 11 жыл бұрын әдемі той өткіздім. Бірақ бұл өзінің денсаулығын да аяған жоқ. Құдайға мың да бір алғыс, Аллаға мың да бір тәуба. Әселге мың да бір алғыс! Мен бүгін қыздарымның, отбасымның атынан Әселге гауһар тасы бар ақ алтыннан жасалған комплект таққым кеп отыр. Бұл тосын сый, келінім мүлдем білмейді»,-дейді келіннің енесі.
Мұндай сыйлықты тойға жиналған қонақтар да күтпесе керек, барлығы шапалақ ұрып, қошеметін көрсетеді.
Видеоны көрген желі қолданушылары ененің келініне деген құрметіне риза болды.
«Келіннің қадірін түсінетін барлық енелер осындай болсын», «Жарайсың, қадірін біліп тұр ғой. Денсаулығын аямай деп дұрыс айтады, көз тимесін», «Керемет, құтты болсын», «Бізге енемізден сыйлық алу арман болып қалатын шығар», «Бақытты болыңыз», «Құтты болсын, игіліңізге тағыңыз», «Келін емес, қыздары сияқты екен. Өздеріне ұсқап тұр» деп жазды желі қолданушылары.