220 мыңнан астам халқы бар Тұран шағынауданында кәріз жүйесімен қамту күрделі мәселе екенін аудан басшысы жақсы біледі. Тағайындалғанға дейін шаһардың коммуналдық саласын басқарған Боранбай Болатбеков аталған мәселе бойынша басымды бағытты айқындап алдық дейді. Орталықтандырылған кәріз жүйесіне қаладағы Қазыбек би, 112 орам және Айқап шағынаудандары бірінші кезекте қосылмақ.
Боранбай Болатбеков, Тұран ауданының әкімі: «Айқап-Бам» шағынауданы халқының жартысы орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған, жартысы «септик» қазып пайдалануда. Қазір жобалық-сметалық құжат әзірленді, құны 2 млрд. 300 млн. Биыл 112 орамда да жұмыс жүреді».
Кәріз жүйесіндегі мәселелер тек Тұран емес бүкіл қалада өзекті. Ағымдағы жылы 150 мың текше метрге арналған кәріз тазарту қондырғысына қосымша 50 мың текше метрлік жаңа тазарту қондырғысының құрылысы жақында басталды. Жылдың соңына дейін нысанды іске қосу жоспарда. Одан бөлек, келешекте қаланың сыртында тағы бір кәріз тазарту қондырғысы салынбақ. Сонымен қатар ауданда халыққа қызмет көрсететін орындар тұрақты жұмыс істеп тұр.
Боранбай Болатбеков, Тұран ауданының әкімі: «Прокуратура істеп жатыр, полиция, мемлекеттік кірістер басқармасы да жұмыс жасауда, халыққа қызмет көрсету орталығы да іске қосылды».
Биыл Тұран ауданында 19,1 шақырымды құрайтын 29 көшеде құрылыс жүргізіледі. Құрсай шағынауданында 13 көшенің жолы жөнделеді. Сонымен қатар, ауданда 16,4 шақырымды құрайтын 40 көшеге шағал тас төселеді.
Шымкент қаласындағы ең жас ауданда бүгінде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар көп. Мемлекет басшысының Шымкент қаласының дамуына қатысты берген тапсырмалары кезең кзеңімен жүжеге асырылуда. Алдағы уақытта Тұран ауданында тұрғындар тарапынан жасалған басқа да мәселелер шешімін таппақ.