Шымкентте 314 жеке кәсіпкерге тіркелген 545 адамның іс жүзінде жұмыс істемейтіні анықталды. Олар тапқан табысын жасырып, атаулы әлеуметтік көмек алмақ болған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәлімдеді. Сонымен қатар, мониторингтік топ жүргізген тексеру барысында 13 жұмыс берушіде тіркелген 34 азамат жұмыс орнынан табылмаған. Ал жалған құжат өткізіп, мемлекет қазынасына қол сұқпақ болғандарды қандай жаза күтіп тұр?
Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны жыл сайын азайып келеді. Оларға мемлекет қазынасынан бөлінетін қаржы да едеуір азайды дейді қала әкімдігінің ресми өкілі Сәрсен Құранбек. Айтуынша әр жыл сайын көмекке мұқтаж азаматтар толық тексеруден өтеді. Яғни, комиссия жіті бақылап, тапқан табысын есепке алады. Сондықтан, ешбір заңсыздық жоқ дейді. Сөзіне сенсек, әлеуметтік желі арқылы әкімдіктің жұмысына сын көзбен қарап, қоқан-лоққы көрсеткендер де табылған. Алайда жауаптылар шын мұқтаж жандарға биыл 2 млрд. теңге көлемінде қаржы төленді деп отыр.
Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары: «АӘК коммисия тарапынан қарастырылғаннан кейін, барлық талаптарға сай болатын болса, осындай отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Барлық критерийлерге сай келетін отбасыларға сай келетін отбасылар болатын болса, олар АӘК алуға тиісті. Қазіргі таңда АӘК аалатындардың саны 1200 -дің көлемінде. Егер 1200 болатын болса, 5016 отбасы қайда деген сұрақ туындамас үшін, тоқсанына бір рет анықталатын жайт болғандықтан, жылына бір рет алатын отбасы болса да, осы санға кіріп тұр».
Айласын асырып, мемелекеттен көмек алмақ болғандардың да жолы кесілді. Мәселен, зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, 546 жеке кәсіпкерден 1 208 азаматқа 85 мың теңге көлемінде жалақы белгіленгені туралы бұйрық көшірмелері тапсырылғаны анықталған.
Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары: «Енді осы 10280 адамның берген құжаттарын зерделеп, 314 жеке кәсіпкерде 545 азамат жұмыс жасамайтындығы анықтадық. Мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының нәтижесі. Айлық төлеу үшін, кез-келген жеке кәсіпкердің кірісі болу керек. Ал, жеке кәсіпкерлердің айналымы 0 ге тең».
Бұдан бөлек, арнайы комиссия тобы жүргізген тексеру барысында 13 жұмыс берушіде тіркелген 34 азамат жұмыс орнынан табылмаған. Осыған орай, бұл отбасыларға атаулы әлеуметтік көмектен бас тарту жөніндегі шешімдер қолданыстағы заңнама аясында дайындалып жатыр.
Айта кетейік, 2023 жылы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың саны 12 725 адамды құраған. Ал бір жыл өте 8810 ға дейін төмендеген. Биыл бұл көрсеткіш 10 айда 5016 отбасы ғана құрап отыр дейді қала әкімінің орынбасары.
Нұргүл Жолымбетова






