1 маусымнан бастап мал иелеріне арналған мобильді қосымша іске қосылады

54

Қазақстандықтар мобильді қосымша арқылы арзан және жас ет сатып ала алады. Мал иелеріне арналған TortTulik мобильді қосымша 1 маусымнан бастап іске қосылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаны министрлік экономикалық саясатты талдау орталығымен бірлесіп әзірлеген. Қосымша ауыл шаруашылығы жануарларының базасын кеңейтуге, әрбір жануар иесіне өз малын түгендеуге көмектеседі.

Сондай-ақ, дәрігерлер ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды уақытылы және толық көлемде жүргізуге мүмкіндік алады.