67 жастағы зейнеткер әдеби байқауға қатысты

57

 

67 жастағы Минура Шарапова зейнетке шыққалы шығармашылыққа ерекше көңіл аудара бастаған. Ғұмырын энергетика саласына арнаған зейнеткер бүгінде бос уақытын кітапхана сөрелеріндегі әдеби оқулықтарды оқумен өткізеді екен. Әдеби жарыс жайлы ол кітапхана қызметкерлерінен естіп, бақ сынап көруге бел буыпты.

Мунира Шарапова, Шымкент қаласының тұрғыны: «А.С.Пушкин атындағы кітаптаханаға жиі келіп тұрамын. Бұл жақта шығармашылық кештер өте көп ұйымдастырылады. Мен өзім зейнеткермін. Бала кезімнен өлең оқығанды ұнатамын. Байқау жайлы естігенде бірден қатысуға бел будым. Сонымен қатар қалалық ардагерлер хорының мүшесімін. Жастайымнан ән айтып, би билеуді жақсы көремін».

Сайыста ерекше көзге түскен 160 қатысушыға мақтау қағаздары мен сый-сыяпаттар табысталды. Сонымен қатар үздік деп танылған азаматтарға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Аяш Мұртазаева, А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының ақпараттық — библиографиялық бөлімінің меңгерушісі: «Байқау бірнеше кезеңдерден тұрды. Бірінші кезең 3 күнге созылды. Сол қорытындысы бойынша 438 қатысушы қатысты. Онда қала тұрғындары, мектеп оқушылары мен студенттер,жалпы әдебиетке қызығатын тұрғындар қатысты».

Байқау шарты бойынша аталған сайысқа 4 пен 82 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Мұндағы негізгі мақсат — кітапханаға келушілер санын арттыру, әртүрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға баулу дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, қазіргі таңда Александр Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасына күніне 100-ге жуық адам келіп, кітап оқиды.

Диана Біржанова