Балаларға әлеуметтік желі қолдануына шектеу қойылмақ

55

Енді Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне шектеу қойылмақ. Яғни, WhatsApp пен Instagram-ға тіркелу үшін балаларға ата-анасының рұқсаты қажет болады. Бұл туралы Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған «Бала қорғау» кешенді жоспарынан белгілі болды.

Құжатта Instagram, Facebook, WhatsApp, ВКонтакте платформаларында кәмелетке толмағандарды заңды өкілдердің рұқсатынсыз тіркеуді шектеу 2025 жылғы 1 тоқсанға жоспарланғаны жазылған.

Айта кетейік, құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 6 маусымға дейін.