Интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында көш бастады

43
фото Бақ.кз

Finprom агенттігін мәліметі  бойынша интернет жылдамдығы бойынша рейтингте Қазақстан 11 сатыға жоғары көтеріліп, 72-орынға тұрақтады. Қазақстан ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр. Рейтинг қорытындысы бойынша, Армения – 80-орында, Қырғызстан – 83-орында, Өзбекстан – 104-орында, Беларусь – 126-орында, Тәжікстан –129-орында.

«Жалпы, Қазақстандағы интернет жылдамдығы бір жылда 47,9%-ға артқан. Көрсеткіш 2022 жылдың сәуірінде секундына 20,7 мегабит болса, 2023 жылдың сәуірінде секундына 30,62 мегабитке дейін көбейген. Басқа елдермен салыстырғанда айырмашылық айтарлықтай байқалады», — делінген хабарламада.
Арменияда жылдамдық секундына 26,25 мегабитті, Қырғызстанда секундына 25,83 мегабитті, Өзбекстан мен Тәжікстанда секундына 20,9 және 11,38 мегабитті құрайды.
Агенттіктің мәліметінше, Орталық Азияда 2022 жылдың соңында «Tele2 Қазақстан-да» көрсеткіш жақсы болған. Мұндағы жылдамдық – секундына 27,25 мегабит.