«Патолог мектебі» іс-шарасы өтуде

84

“Қатерлі ісіктерді молекулярлы-генетикалық зерттеу”. Осынау тақырып аясында Шымкент қалалық онкологиялық орталығында 11-12 мамыр аралығында «Патолог мектебі» іс шарасы ұйымдастырылуда.

Жиында Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының патоморфологтары бас қосып, онкологиядағы молекулярлы генетикалық, имуногистохимилық зерттеу әдістері аясында пікір алмасты.

Іс-шара барысында Алматы қалалық онкологиялық орталығы патоморфология бөлімінің меңгерушісі м.ғ.к. Э.Б. Сатбаева имуногистохимиялық зерттеу бойынша дәріс оқып, арнайы шеберлік сабағын өткізді. Мұндай тәжірибе алмасу бағытындағы іс шаралар патоморфолог мамандарының біліктілігін арттырып, заманауи озық әдіс-тәсілдерді меңгеруге мүмкіндік береді.